"Бұл – тек қауесет. Егер қандай да бір шетелдік компаниялар пікір білдірсе, онда бұл олардың Қазақстанға АЭС құрылысы түрінде өз өнімдерін сатуға деген ниеті, немесе бұл қандай да бір саяси, мүмкін, инсенуация. Президент Тоқаев 26 сәуірде Семей қаласының жұртшылығымен кездесуде атом станциясын салу бойынша кез келген шешім қабылданатын болса, онда халықтың пікірін ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілетін болады деп сендірді", - деді Бозумбаев.
Энергетика министрі елімізде электр энергиясының тапшылығы жоқ екенін, профицит 2025-2027 жылға дейін қарастырылғанын хабарлады. АЭС салу қажет болған жағдайда референдум немесе халыққа сұрау салынатын болады.
"Барлығы тек халықтың пікірін ескере отырып салынады. Егер халық қарсы болса, ешкім ештеңе салмайды. Мен сіздермен бірге Семей сынақ полигонының салдары қандай болғанын жақсы түсінемін. Біздің халықтың көп бөлігі зардап шекті. Бұл жады. Бұл гендік жады. Бұл біздің елімізде АЭС - тің пайда болуына ықпал етпейтін қоғамда халықты қалыптастырады", - деп атап өтті Бозымбаев.