Қанат Бозымбаев: Жапонияға 9,3 мың тонна көмір жөнелтілді

725

Қанат Бозымбаев: Жапонияға 9,3 мың тонна көмір жөнелтілді

Қазақстанның көмірі Финляндия мен Жапонияға экспорттала бастады. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстанның көмірі Ресей Федерациясына, Орталық Азияға және Еуропаның бірқатар елдеріне экспортталады. Биыл Финляндияға 2,7 млн тонна жіберілді және РФ үкіметінің арнайы қаулысы шығып, Ресей порттары біздің көмірді экспортқа шығара бастады. Осылайша, Жапонияға алғаш рет 9,3 мың тонна көмір жөнелтілді", - деп атап өтті  Қанат Бозымбаев.

ҚР энергетика министрінің айтуынша, биылғы 10 айда Қазақстандағы көмір өндіру көлемі 86,6 млн тоннаны құраған. Оның 61,8 млн тоннасы ішкі нарыққа жеткізілсе, шамамен 23,4 млн тоннасы - сыртқа экспортталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу