Қанат Ислам бастаған қазақ жігіттерінің жекпе-жегін халық бүгін асыға күтуде

847

Қанат Ислам бастаған қазақ жігіттерінің жекпе-жегін халық бүгін асыға күтуде

Бүгін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (24-0, 19КО) елордада кезекті жекпе-жегінде канадалық Брэндон Кукке (18-0, 11КО) қарсы шығады. Бокс кешінде тағы 8 қазақ боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың бірде-біреуі әлі жеңіліп көрмеген. Бокс жанкүйерлері бүгінгі жекпе-жектерді асыға күтіп, басталатын уақытын қайта-қайта нақтылауда.

Бүгінгі жекпе-жектер Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтеді. Бокс кешін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары  тікелей эфирде көрсетеді. "Qazsport" телеарнасы сағат 17:50-ден, ал  "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы сағат 19:55-тен бастап тікелей эфирге шығады", - делінген корпорацияның баспасөз xабарламасында.

"Ислам - Кук" жекпе-жегінің андеркартында - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО) - Бруно Ромэй (21-4-0, 18 КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО) - Жилберто Дос Сантос (14-5-0, 10 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО) - Исмаель Бужно (15-6-0, 10 КО),  Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО) - Андреас Матиас (5-0-0, 5 КО), Әли Ахмедов (7-0, 5КО) - Томас Джастин (18-2-0, 7 КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО) - Джонатан Барбадило (17-4-1, 14 КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) - Эдуардо Перейро (22-4-0,18 КО), Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1КО) - Алекс Дуарте (12-1-1, 9 КО) жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, кеше барлық боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Шара барысында  Димаш Ниязов өз қарсыласымен төбелесіп қала жаздады. Оның қарсыласы Экуардо Перера көз арбасып тұрғанда ілігісе кетті. Бірақ Димаш өзінің сыпайы мінезінен айныған жоқ.  Бразилиялықтың осы бір әрекетіне намыстанған Нұрсұлтан Жаңабаев салмақ өлшеуге шыққанда өз қарсыласына: "Көр де тұр, ертең сенің белбеуіңді алып қоямын!" - деп айқай салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу