Бастапқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған.
Алайда белгісіз себептермен африкалық боксшының жекпе-жекке қатыспайтыны анықталып, оның орнына эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) шаршы алаңға шығатыны белгілі болған еді.
Сонымен КОТV платформасында тікелей эфирден көрсетілген жекпе-жек 10 раундқа созылуы тиіс болатын.
Алайда айқас барысында Қанат Исламнан екі рет нокдаун алған Джейсон Минда жетінші раундта нокаутқа түсіп қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу