Қанат Исламның лақап атының жазылуы өзгерді. Латын әріптерімен жазылған Kazakh сөзі енді QAZAQ деп жазылатын болды, деп хабарлады боксшының PR менеджері Берік Сұлтан.
"Енді латын әріптерінде QAZAQ деп жазылады. Бұдан былай рингке киіп шығатын киімінің алдынан KAZAKH емес, QAZAQ деген жазуды көретін боласыздар. Kanat QAZAQ Islam", – дейді Берік Сұлтан.
Оның айтуынша, Қанат Ислам жаттығуын бастады.
"10 күннен кейін келесі жекпе-жектің уақыты мен күнін және қарсыласты айтамыз. Бұл жекпе-жек те титулды кездесу болуы мүмкін. Келіссөз жүргізіліп жатыр", – дейді боксшының PR менеджері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу