Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам ертең таңда өткізетін жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы боксшының командасына сілтеме жасап Vesti.kz хабарлады.
Қанат пен қарсыласы Норберто Гонсалес бірінші орта салмақта (154 фунт) жұдырықтасуға рұқсат алды. Боксшылардың салмақ көрсеткіштері шама талаптарынан шыққан.
Қос боксшы арасындағы жекпе-жекте WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулері сарапқа салынады. Бокс кеші АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Бока Ратон қаласында өтеді. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.
Қос боксшы арасындағы жекпе-жекте WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулері сарапқа салынады.
Қанат шаршы алаңға шығатын бокс кешінде Жанқош Тұраров та кезекті кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы да мексикалық боксшы – Густаво Гарибай. Екі боксшы да салмақ өлшеу рәсімінде норма талаптарын (147 фунт) орындай алмады. Нәтижесінде, екіжақты келісім бойынша 151 фунтта жұдырықтасатын болды. Бұл жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, қазақстандықтар қазақ боксшыларының жекпе-жегін Қазақстан ұлттық арнасынан тікелей эфирде көре алады.