Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам (22-0-0) Дүниежүзілік бокс қауымдастығы рейтингінде төртінші орынға көтерілді, деп хабарлады Vesti.kz-ке сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.
Бұл – 32 жастағы қазақстандықтың үздік нәтижені қайталауы. Ол тамыздағы рейтингте де төртінші орынға тұрақтаған болатын, кейіннен қыркүйек пен қазанда бесінші орынға түсті. Бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев (18-0-0) рейтингте 15-ші орнын сақтап қалды. 24 желтоқсанда Киевте титулдық жарыс өткізетін боксшы тамызда ТОП-15-тікке кірген. Содан бері орны өзгерген жоқ. Жартылай орта салмақтағы 26 жастағы Жанқош Тұраров (20-0-0) үш сатыға жоғары көтерілді. Ақпаннан бастап ол 14-тен 15-ке, сосын кері өзгерген. Қарашадағы рейтингте 11-ші орынды иеленді. Жеңіл салмақтағы 33 жастағы Жанат Жақиянов (26-1-0) WBA "уақытша" чемпионы белдігін сақтап, үміткерлер тізімінде бірінші орында. Осы жылы ол жарақаты салдарынан рингке шықпады.