Дүниежүзілік бокс ұйымы спортшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.
Алғашқы орта салмақта (69,9 келіге дейін) өнер көрсететін қазақстандық профи Қанат Ислам WBO-ның үздік 15 спортшысының қатарына енді. Ол алтыншы орынға тұрақтады. Ұйымның чемпионы – мексикалық Сауль Канело Альварес болса, ал бірінші орында америкалық Деметриус Андраде тұр. Сондай-ақ Қанат Ислам IBF рейтингінде 15-орында және WBA тұжырымы бойынша бесінші орында келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу