Қанат Ислам жанкүйерлеріне ашық жаттығу өткізеді

804

Қанат Ислам жанкүйерлеріне ашық жаттығу өткізеді

Бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Қанат Ислам (24-0, 19 КО) жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу жұмыстарын өткізеді, деп хабарлайды vesti.kz. 

Ашық жаттығу 20 тамыз күні сағат 18:30-да Халықаралық "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі аймағында өтеді. Жаттығуға Қанат Исламнан бөлек Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жаңайбаев секілді боксшылар қатысады.

Айта кетейік, Қанат Исламның келесі кездесуі 9 қыркүйек күні Астанадағы "Сарыарқа" спорт кешенінде өтеді. Ол канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11 КО) кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу