Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам Астанада тағы бір кездесу өткізеді. Бұл туралы боксшының Іnstagram парақшасында хабарланды.
"Қанат Ислам Астанада тағы бір бокс кешін өткізеді. Team QAZAQ Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты Елордада үлкен кәсіпқой бокс кешін өткізбек. Келіссөз жұмыстары басталды. Бокс кеші 2018 жылдың мамыр айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам жұдырықтасады. Қанат Исламнан бөлек бұл бокс кешінде көк туды желбіретіп жүрген елімізге танымал қазақтандық боксшылар да өз өнерін ортаға салады. Айта кетейік Қанат Ислам желтоқсан айының соңында АҚШ-қа аттанады. Команда жоспары бойынша QAZAQ Астанадағы бокс кешінің алдында Америкада 1 жекпе-жек өткізеді", - делінген хабарламада.