Қанат Исламды жеңген боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

329

Көп жылдар бойы Жәнібекке ұсыныс тастап келемін.

Қанат Исламды жеңген боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Британдық боксшы Джимми Келли (27-3, 10 КО) WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) қарсы рингке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Prosports.kz мәліметінше, 2022 жылы Джимми Қазақстанның тағы бір өкілі Қанат Исламды (29-1, 22 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. 15 қарашада Келли ProBox TV шоуының аясында Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) аргентиналық Хуан Хосе Веласкомен (24-5, 15 КО) жұдырықтасады.

"Көп жылдар бойы Жәнібекке ұсыныс тастап келемін. Бүгінге дейінгі қарсыластарына қарағанда мен танымалмын. Мен Қанат Исламды жеңдім, ол [Әлімханұлы] мені елемей жүр. Жекпе-жекке шығаруға мәжбүрлей алмаймын", - деді Келли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу