Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегі жайлы әңгімеледі. Министр бокс кешіне Жанқош Тұраров пен Жанат Жақияновтың қатысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды vesti.kz.
"Біз онымен осыған дейін 9 қыркүйекте келіскен болатынбыз. Астанада жекпе-жек өткізу туралы. Бокс кешін ұйымдастырған промоутерлік компания мүмкін деген үміткерлермен келіссөз жүргізді. Біз 9 қыркүйекте Астанада Қанат Исламның жекпе-жегін өткізгіміз келеді", – дейді министр.
Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамедиұлы бокс кешіне Жанқош Тұраров пен Жанат Жақияновтың қатысуы мүмкін екенін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу