Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Исламның інісі кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qsport.kz.
Отандасымыз Қанат Исламның інісі Ерлан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады. Бұл туралы боксшының бапкері Сағатбек Мұсаханов өзінің инстаграммдағы парақшасында жазды. Ол өз сөзінде: "Қанат Исламның інісі, менің шәкіртім кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ерлан Пекинде өткен бокс кешінде қарсыласын 2 раундта нокаутпен ұтты", – деді.
Айта кетейік, Сағатбек Мұсаханов кәсіпқой бокстағы болашағынан үлкен үміт күттіретін Али Ахмедов, Еділ Қожамбердиев сынды боксшылардың бапкері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу