Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

764

Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой боксшысы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) келесі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Қанат Ислам рингке мамыр айында қайта шығатынын айтқан еді. Енді кездесудің нақты уақыты мен өтетін орны анықталып отыр.

Отандасымыз келесі жекпе-жегін 26 мамыр күні Флоридада мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізеді. Гонсалес кәсіпқой бокста 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен (12 КО), сегізінде жеңілген.

Боксшылар WBO NABA және WBA intercontinental титулдарын сарапқа салады. Осы жекпе-жектен кейін Қанат Исламның Астанада қыркүйекте өтетін бокс кешінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу