Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық Қанат Сейілхан қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жарыста 6 кездесу өткізіп, оның 5-еуінде жеңіске жетті. Жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген Қанатты ресейлік Иван Долгих тоқтатты.
Жұбаныш финалында күресуге мүмкіндік алған ол Бразилия спортшысы Эрик Такабатакені иппонмен жеңіп, кіші финалға жолдама алды. Қола жүлде үшін белдесуде Сумябазар Энхтайванды (Моңғолия) вазаримен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу