Қанат Шарлапаев ArcelorMittal компаниясының Қазақстаннан шығуы туралы мәмілеге қатысты айтты

398

Әңгіме екі актив туралы. 

Қанат Шарлапаев ArcelorMittal компаниясының Қазақстаннан шығуы туралы мәмілеге қатысты айтты Фото: primeminister.kz

Біріншісі – қазіргі "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының толық кешені. Бұған көмір және болат кешендері, бүкіл кәсіпорын кіреді. Көп адам біле бермейтін екінші актив: Ақтаудағы "АрселорМиттал" компаниясының біздің мұнай-газ индустриямызға арналған құбыр шығаратын зауыты болды.

Екі актив туралы айтқанда, біз қандай да бір бөліну туралы емес, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының негізгі өндірісінен басқа мәміледе Ақтау қаласындағы құбыр зауытының бар екендігі туралы айтып отырмыз. Бастапқыда инвестор айтарлықтай қомақты соманы – $3,5 млрд жариялады. Жарияланған екі актив бойынша мәміленің түпкілікті құны $286 млн-ды құрады. Бұл ретте біз бюджеттік қаржыландыруды  іске қоспадық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу