Қанат Шарлапаев былтыр Президент әкімшілігіндегі қызметінен кеткен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде президиумның жаңа төрағасы сайланып отыр. Бұл қызметке Қанат Шарлапаев лайық деп танылған.
2022 жылдан бері ҰКП президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарды.
Қанат Шарлапаев әр жылдары "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының индустрия және құрылыс министрі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, 2025 жылдың 28 ақпаны мен 25 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.
Еске салайық, Қанат Шарлапаев 2025 жылдың қыркүйек айында Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды.