Xinjiang Lihua (Group) Co. мақта өсіру және оны озық өңдеу саласындағы Қытайдағы ең ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорын мақта-матадан жіп пен маталар, дайын тоқыма бұйымдары сияқты жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға маманданған.
Жиынға Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, сондай-ақ қытайлық "K&K 86 LTD" компаниясының басшысы Сюй Цзе қатысты.
Бірлескен жоба Түркістан облысындағы "TURAN" АЭА-да мақта-тоқыма кластерін құруды көздейді.
Жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады деп күтілуде және келесі нысандардың құрылысын қамтиды: ПВХ құбырларын шығаратын зауыт; тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт; мақта өңдейтін 2 зауыт; иіру фабрикасы; зығыр мата өндіру бойынша тоқыма фабрикасы; бояу және өңдеу зауыты; тігін фабрикасы
Жобаның жалпы құны 180 млрд теңгені құрайды, толық іске асырылған кезде 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Бүгінгі күні тамшылатып суару жүйесі орнатылып, 1120 га алқапқа егіс жұмыстары жүргізілді. Мақта өнімділігі 55 ц/га құрады. Иіру фабрикасының құрылысы басталды.
Министр бұл жобаны жүзеге асырудың Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытудағы маңыздылығын және оны қолдауға жан-жақты көмек көрсету қажеттігін атап өтті.