Қанат Шарлапаев министрлер кабинетінде қалды

385

Қанат Шарлапаев министрлер кабинетінде қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қанат Шарлапаев министрлер кабинетінде қалды Фото: Inbusiness.kz

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев 1981 жылы дүниеге келген.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған.

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің Қаржы департаментінде, Жобаларды басқару департаментінде, Операциялық-технологиялық департаментінде, "Сити" инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары - "Сити" инвестбанкі акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2014-2015 жылдары - "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары - Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары - Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020-2022 жылдары - "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.

2022 жылдан бастап - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу