Қанат Шарлапаев тағы бір лауазымға тағайындалды

660

Ол "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Қанат Шарлапаев тағы бір лауазымға тағайындалды Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының директорлар кеңесіне мүше болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев 1981 жылы Ресей Федерациясында дүниеге келген.

Ол Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебін тәмамдаған.

Мамандығы бойынша – экономист, қаржы және басқару саласында магистр дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2003 жылы Ресейдегі "Петрокоммерц" банкінде клиенттермен жұмыс басқармасының менеджері қызметінен бастаған.

2006-2008 жылдары Лондон мен Прага қалаларында "Сити" инвестициялық банкінің Қаржы департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Ал 2008-2014 жылдар аралығында сол банкте өңірлік дивизионда аға талдаушы, вице-президенттің көмекшісі, кейін вице-президент қызметтерін атқарған.

2014-2015 жылдары "Сити" банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті лауазымында болды.

2015-2017 жылдары Қазақстандағы "Ситибанк" ұйымында бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары әрі аға вице-президент қызметтерін атқарды.

Кейін 2017-2020 жылдары Ресейдегі "Сити" инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры әрі аға вице-президенті болды. 2020 жылы БАӘ-де аталған банк құрылымында Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа нарықтары бойынша стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директор қызметіне тағайындалды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.

2025 жылғы 28 ақпанда Мемлекет басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу