Қанат Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды

76

Қанат Жұмабайұлы 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.  

Қанат Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қанат Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, сондай-ақ М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласының жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қорында жетекші маман ретінде бастаған. Кейін әр жылдары бірқатар мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқарып, оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, сондай-ақ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеді.

2012–2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі болды. 2021–2023 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Ақпарат комитетін басқарды. 2023 жылдан бері Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу