"Қанаты сынған бірқазан қашып та кете алмады"

1322

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары құсты жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне тапсырған. Қыста сонда күтімде болады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Қанаты сынған бірқазан қашып та кете алмады"

"Бірқазан Атырау қаласы маңындағы айналма көпір астынан табылды. Бұл жердегі су қоймасын мұз құрсағаны белгілі. Жаралы жануар не ұшып, не қашып кете алмады. Оны тұмсығынан қысып, ұстап алдық", – деді құтқарушылар.

Олардың айтуынша, арнайы мекемедегі құстар көктем шыға, өзен ашылғанда еркіне жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу