Қандай кәсіпорындар мемлекеттен көмек ала алмайтыны белгілі болды

216

Бизнес өз жұмысында елішілік құндылықты басшылыққа алуы тиіс. 

Қандай кәсіпорындар мемлекеттен көмек ала алмайтыны белгілі болды Фото: evrazia.dev.nologostudio.ru

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау қандай кәсіпорындарға көрсетілмейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Барлық ірі кәсіпорындар  өздерінің айналасында  шағын және орта бизнес белдеуін құра отырып, елішілік құндылық бағдарламаларын әзірлеп, қабылдауы қажет. Егер кәсіпорындар мұндай бағдарламаларды қабылдамайтын болса, оларға ешқандай мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Бағдарлама отандық кәсіпорындардан тікелей сатып алуды қамтамасыз етуге бағытталған", - деді Олжас Бектенов.

Сөзінше, бұл оларды локализациялау есебінен өндірістерді кеңейтуге  және жаңа өндірістерді құруға ынталандыратын болады.

Сонымен бірге ел ішіндегі өндірістік тізбектерді кеңейте отырып, отандық компаниялардың арасындағы кооперацияны дамытуға  жағдай жасау керек, деді Премьер-министр.

"Кәсіпорындардың өзара тиімді іс-қимылының арқасында ғана  ел ішінде толыққанды өндірістік цикл құруға болады. Нәтижесінде импорт пен өндірістік шығын көлемі азайып,  отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен оларға деген сұраныс артады. Елішілік құндылықты дамыту дегеніміз жаңа өндірістерді құру ғана емес, бұл жаңа технологиялар трансферті, ғылымды дамыту,  жаңа жұмыс орындары мен жаңа құзыреттерді қалыптастыру дегенді білдіреді. Мұндай тәсіл еліміздің экспорттық әлеуетіне оң әсерін тигізіп, экономиканы әртараптандыруды, халықты жұмыспен қамту мен әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етеді", - деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу