Қандай көліктер жиі ұрланады

1826

Елімізде ай сайын орташа есеппен 62 көлік ұрланады.

Қандай көліктер жиі ұрланады

Статистика комитетінің мәліметінше,елімізде ай сайын орташа есеппен 62 көлік ұрланады және 150-ге жуық көлікті ұрлау мақсатынсыз теуіп кетеді. Көлік ұрлығы саны бойынша Алматы бірінші орында тұр. Алматыда ай сайын орташа есеппен 21 көлік ұрланады. Бұл елдегі жалпы ұрлық санының 34%-ы. Екінші орында Қарағанды, үшінші орында Шымкент пен Түркістан облысы. Төртінші орында Қостанай облысы. Ал бестіктің соңында Алматы облысы орналасқан. Ең қауіпсіз өңірлер рейтингісінде Атырау мен Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан бойынша  ең көп ұрланатын көліктер – Toyota, ВАЗ және Mazda. Бұған ҚР ІІМ мәліметтері де дәлел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу