Қандай қылмыстарға жаза қатаңдатылады

2119

Жаңа заң жобасының нормаларына сәйкес қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі.

Қандай қылмыстарға жаза қатаңдатылады Фото: ortcom.kz

Ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту туралы заң жобасын әзірленбек. Жаңа заң жобасына енгізілетін нормалары жайында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтып өтті, деп хабарлайды ortcom.kz.

ҚР бас прокуратурасының ақпараты бойынша, жаңа заң жобасының нормаларына сәйкес қолданыстағы заңнамаға келесі өзгерістер енгізіледі:

  • мал ұрлығы үшін жаза 10 жылға дейін артады;
  • ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру 10 жылға дейін артады;
  • интернет арқылы есірткі таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылуда
  • зорлау ауыр қылмыс санатына ауыстырылады;
  • жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері ауыр қылмыстар санатына ауыстырылыды;
  • зорлағаны үшін бас бостандығынан айыру 8 жылға дейін артады;
  • жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін бас бостандығынан айыру 8 жылға дейін артады;
  • екі және одан да көп кәмелетке толмаған адамды зорлағаны үшін жаза мерзімі 20 жылға дейін бас бостандығынан айырады;
  • кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалау мерзімі 5 жылға дейін артады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу