Қандай несиелер сервистік компаниялардың сенімгерлік басқаруына берілуі мүмкін?

549

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Қандай несиелер сервистік компаниялардың сенімгерлік басқаруына берілуі мүмкін?

Оның айтуынша, заңды тұлғалардың 50 млн теңгеден кем берешегі бар ұсақ қарыздарын сатып алу, жеке кәсіпкерлерден қарыз алу, қарыздарды бейрезиденттер сатып алған кезде несиелерді арнайы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру жағдайлары көзделген. 

"Қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында банктік қарыз және микронесие шарттары шеңберінде борышкердің қарыз алушымен өзара қарым-қатынастарына қойылатын барлық талаптар мен шектеулер жеке инвесторға қолданылған. Мұндай талаптар мен шектеулерге, қарыз алушының жағдайын жақсартатын талаптарды қоспағанда, шартты біржақты өзгертуге тыйым салу, өсімпұл есептеу бойынша шектеулер, қаражат жетіспеген кезде берешекті өтеу кестесі, банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі өткен кезде борышкермен іс-қимыл жасау тәртібі және т.б. жатады. Осылайша, қарыз алушылардың құқықтары жеке инвесторлар мен сервистік компаниялар алдында қорғалатын болады", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу