Қандай жағдайда әскерге шақыру кейінге шегеріледі?

1233

Биыл педагогтар мен құқық қорғау органдарында алғашқы кәсіби дайындықтан өтіп жатқандардың қорғаныс күштері қатарына шақыртуы шегеріледі. 

Қандай жағдайда әскерге шақыру кейінге шегеріледі?

Орталық коммуникациялар қызметінде әскерге шақыру науқаны туралы өткен брифингте қорғаныс күштері қатарына қабылдануды кейінге шегеруге қатысты сауал қойылды. Сұраққа жауап берген ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мұндай мүмкіндік санаулы жағдайда берілетінін атап өтті.

"Мерзімді әскерге шақыру уақытын уақытша кейінге шегеруді комиссия шешеді. Оның төрағасы жергілікті атқарушы орган басшысының орынбасары болып табылады. Уақытты шегеру мүмкіндігі отбасылық жағдайға сәйкес, білім алуды жалғастыру үшін, денсаулық жағдайына байланысты және өзге де себептерге байланысты беріледі. Бұл ретте биыл мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген педагогтарға, құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелерінде алғашқы кәсіби дайындықтан өтіп жатқандарға осындай мүмкіндік берілгенін атап өту керек. Осыған байланысты қосымша сұрақтарға Қорғаныс министрлігінің сайтында көрсетілген нөмірге хабарласып жауап алуға болады", – деді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу