Қандай жағдайда мектептердегі кезекші сыныптар жабылады?

806

Қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері кезекші сыныптардың жабылу шарттарын айтты. 

 Қандай жағдайда мектептердегі кезекші сыныптар жабылады?

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Піралиева қандай жағдайда мектептердегі кезекші сыныптар жабылатынын түсіндірді.

"Кезекші сыныптарда коронавирус инфекциясын жұқтырған бір жағдай тіркелсе, науқаспен қарым-қатынас жасаған адамдардың барлығы тексеріледі. Егер сол науқаспен байланыс жасаған адамдардың арасынан індет жұқтырғандар тағы тіркелсе, мектептің жабылуын қарастырамыз", – деді Жанна Піралиева.

Айта кетсек, қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің мәліметінше, елордада алты бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың біреуі кезекші сыныпқа барған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу