Қандай жағдайда салық берешегі бар қазақстандықтардың шоты бұғатталмауы мүмкін

194

Бұл бағытта бірқатар өзгеріс күтіліп отыр.

Қандай жағдайда салық берешегі бар қазақстандықтардың шоты бұғатталмауы мүмкін Фото: www.gov.kz

Жаңа Салық кодексі 2026 жыллан бастап қолданысқа енгізіледі. Бүгінде Мәжілісте тиісті заң жобасы қаралып жатыр. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салық берешегі бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шарасында қандай өзгерістер күтілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Қазір мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы салық берешегі 6 АЕК-ке жеткен жағдайда жұмыс істейді. Бүгінде бұл сома шамамен 22 мың теңгені құрайды. Егер, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек 1 теңгеден асатын болса, шаралар қабылданады. Екі норма бар. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, жаңа тәсілдер аясында берешек сомасын саралайтын боламыз. Біз салықтар бойынша 20 АЕК-ке дейін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбауды, яғни, шоттарды бұғаттамауды ұсынып отырмыз", – деді вице-министр.  

Айтуынша, бұл сомаға дейін шоттарды бүғатталмайды, тек берешек туралы, күн сайын өсімпұл есептелетіні туралы хабарлама жіберіледі.

"Екінші қадам – 20 АЕК-тен 45 АЕК-ке дейін, яғни, 74 мың теңгеден 166 мың теңгеге дейін біз салық төлеушіге салық берешегін өтеу қажеттігі туралы хабарлама жібереміз. Егер, төленбеген жағдайда, онда 30 күн ішінде шара қолданамыз. Салық төлеуші өтемеген жағдайда онда біз шоттарды жабуға мәжбүр боламыз. Егер, салық төлеушінің берешек сомасы 166 мың теңгеден асса, онда шоттарды ғана емес, мүлікті тізімге аламыз", – деді вице-министр Ержан Біржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу