Қандалаға қарсы дәрі себу: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

563

Ауруханада жатқан екі бала дәрігерлердің бақылауында.

Қандалаға қарсы дәрі себу: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды Фото: gor-dezinfekciya.ru

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы қандалаға қарсы дәрі себілгеннен кейін  зардап шеккен тұрғындардың жағдайы туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz www.lada.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 21 қазан күні улану белгісімен 7 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға түскен. Үш ересек облыстық көпсалалы ауруханаға, екі бала балалар ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің бірі бірінші күні үйіне жіберілді.

"Ауруханаға түскенде 2 ересек адамның жағдайы орташа ауырлық дәрежелі деп бағаланды. Тағы бір зардап шеккен ер адам (үй иесі) жағдайды тұрақтандыру үшін жансақтау бөліміне жатқызылды. Кеше толық тексерістен кейін оның жағдайы тұрақтандырылып, бөлімшеге ауыстырылды. Бүгін науқастың өтініші бойынша ол үйге жіберілді, жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Тағы  бір жәбірленуші бірінші күні үйіне жіберілді, оның жағдайы қанағаттанарлық. Кейінірек зардап шеккен әйел де (ананы) үйіне жіберілді, себебі ол балаларының жағдайына қатты алаңдаушылық білдірді. Барлық ересек амбулаториялық деңгейде бақыланады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибісара Дүйсенбаева.

Оның сөзінше, екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

"2015 жылы туған қыз бала жағдайы ауырлығы орташа дәрежеде. Бүгінгі таңда ол соматикалық бөлімдегі дәрігерлердің бақылауында. 2017 жылы туған ұл бала толық тексерілу және жағдайды тұрақтандыру үшін реанимацияға жатқызылды. Бүгін таңертең жағдайы жақсарып, бала өзі тамақ жей алады. Ол жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылды", - деді ведомство өкілі.

Айта кету керек, осыған дейін Ақтауда екі бала дәріден уланып, көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу