"Қандас" автоматтандырылған жүйесі: 29 шетелдік мекеме қосылды

425

Жүйе қандас мәртебесін беру мен "Ата жолы" картасын ұсыну қызметін көрсетеді.

"Қандас" автоматтандырылған жүйесі: 29 шетелдік мекеме қосылды Фото: inbusiness.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен" бірлесіп, ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі консулдық қызметтерінің өкілдеріне "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таныстырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Жүйе қандас мәртебесін беру мен "Ата жолы" картасын ұсыну қызметін көрсетеді.

"Іс-шараға Қырғызстан, Пәкістан, Грузия, Астрахань (Ресей Федерациясы), Польша, Румыния, Беларусь, Тәжікстан, Молдова, Әзірбайжан, Чехия, Өзбекстан, Франция, Австрия, Армения, Венгрия, Иран, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Берлин, Майндағы Франкфурт, Бонн (Германия), Вашингтон (АҚШ), Стамбул (Түркия) қалаларының консулдары қатысты", деп жазылған  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

"Қандас" жүйесіне барлығы 29 шетелдік мекеме қосылады.

Бүгінгі күні Австрия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Моңғолия, Мәскеу (Ресей Федерациясы) консулдықтары жүйеге қосылса, қалған елдер осы аптаның аяғына дейін қосылады.  Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу