"Қандас" мәртебесін алу жеңілдейді

389

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірнеше жылдан бері мәселе болып келе жатқан "қандас" мәртебесін беру тәртібін жеңілдетпек.    

"Қандас" мәртебесін алу жеңілдейді Фото: gov.kz

Бұған дейін тек Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі және "Құтты мекен" АЖ мобильдік қосымшасы арқылы өтініш беру мүмкін болған. Енді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы да мұндай өтініштерді қабылдайтын болды.

Бұл туралы министрліктің Ашық НҚА порталында жариялаған құжат жобасынан белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы, "Құтты мекен" АЖ мобильдік қосымшасы не мемлекеттік корпорация ("Азаматтарға арналған үкімет" – ред.) арқылы береді" делінген өзгертулер жобасында.

"Қандас" мәртебесін алуға өтініш берушілердің құқық бұзушылықтар жасағаны не жасамағаны және экстремистік, террористік ұйымдарға мүшелігі туралы ақпаратты тексеру уақыты 20-дан 10 тәулікке қысқарады. Ал комиссия өтінішті 5 тәулік ішінде (қазіргі қолданыстағы ереже бойынша – 10 тәулік) қарайды.

"Бұл Ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінде жұқа клиентке "Қандас" ААЖ орнату арқылы электрондық форматта верификацияны енгізумен және тиісінше комиссияда этникалық қазақтардың ұсынылған материалдарын қарау мерзімдерін қысқартумен байланысты", - делінген министрліктің түсіндірме жазбасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу