Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметі енді eGov.kz арқылы қолжетімді

703

Бұрын бұл қызмет еліміздің ХҚКО-да және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында көрсетіліп келген.

Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметі енді eGov.kz арқылы қолжетімді

Енді қызметке eGov.kz порталында тапсырыс беруге болады, деп хабарлайды  inbusiness.kz. Қолданушыда ЖСН және электрондық цифрлық қолтаңба болуға тиіс.

Қызметті алу үшін өтініш беруші барлық міндетті жолдарды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса беруі қажет. Тіркелген файлдар pdf немесе jpg форматында болуы керек, деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.

Өтінім берген кезде қолданушы қандас мәртебесін беру немесе ұзартуға қатысты отбасы мүшелері бойынша да мәліметтерді толтыра алады. Бұл ретте  отбасы мүшелерінің санына  шектеу жоқ. Бұдан әрі қолжетімді тәсілдердің бірімен сұрау салуға қол қою қажет.

Ұсынылған деректер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы тексеріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 4 жұмыс күні. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу