Тиісті құжатты қоғамдық талқылау "Ашық НҚА" порталында 21 сәуірге дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz.
"Осы бұйрыққа сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалсын", - делінген құжатта.
Бұйрық жобасына сәйкес қандастарды қоныстандыратын өңірлерге Ақмола облысы, Атырау облысы, ШҚО, БҚО, Қостанай облысы, Павлодар облысы, СҚО, Абай облысы кіреді.
Қоныс аударушыларды қоныстандыратын өңірлер:
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- СҚО;
- Қарағанды облысы;
- Ақмола облысы;
- Абай облысы;
- Ұлытау облысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу