Қандастар үшін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алу талаптары жеңілдетілді

234

Биылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылданды.

Қандастар үшін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алу талаптары жеңілдетілді Фото: Ana tili

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және "Отандастар қоры" бірлесіп шетелдегі Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптарды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан жоғары оқу орындарына түсу үшін биылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылданды.

Біріншіден, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шекті балл болмайды.

Екіншіден, бес емтиханның орнына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән).

Үшіншіден, төрт жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды.

Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыру мүмкіндігі сақталады.

Фото: "Отандастар" қоры

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу