Қандастардың азаматтық рәсімдеу құжаттары 43-тен 20-ға дейін қысқартылмақ

2104

2020 жылдың ортасынан бастап қандастар үшін "бірыңғай терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетіле бастады.

Қандастардың азаматтық рәсімдеу құжаттары 43-тен 20-ға дейін қысқартылмақ

"Отандастар. Болашаққа бағдар" атты халықаралық дөңгелек үстелде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қандастарға азаматтық рәсімдеудің жеңілдетілген тәртібі туралы ақпарат берді. 

"Біз шетелдегі қандастарымызды қолдаудың жаңа тетігін кешенді түрде пысықтап жатырмыз. Ол – халықаралық тәжірибеге негізделген механизм. Екіншіден, шетелдегі министрлік этникалық қазақтардың елімізге көшу рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған жүйелі шаралар әзірлеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізді. Біз адамдардың "қандас" мәртебесін алуға өтішін беруінен бастап қазақстандық паспорт бергенге дейін барлық процестерді талдап, келесі шараларды таңдадық: қандастардан керекті құжаттардың жалпы саны – 46-дан 20-ға дейін қысқартамыз", – деді ол.

Дәурен Абаев құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық қызмет тек бір жерден – ХҚО-дан "Бір терезе" қағидаты бойынша қабылданатынын атап өтті.

"Бұл ретте алғашқы өтінішті Қазақстанға келмей-ақ, біздің шетелдегі елшіліктеріміздің консулдық бөлімінде беруге болады. Қандастарға уақыт, қаражат жағынан тиімді болу үшін осы мәселелерді ескердік. Оған қоса құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық қызмет көрсету мерзімін алты айдан үш айға дейін қысқартамыз. Осы айтылған жұмыстардың бәрін іске асыру үшін Жол картасын әзірлеп, бекіттік. Соған сәйкес, барлық мемлекеттік органдар қажетті құқықтық және ұйымдастыру шараларын  қабылдауы тиіс. Бұл бірыңғай терезе 2020 жылдың үшінші тоқсанының соңында толық күшіне енеді", – деді ведомство басшысы.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу