Қандастардың Қазақстанға қоныс аудару процедурасы өзгертілмек

1491

 Осыған орай тиісті заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қандастардың Қазақстанға қоныс аудару процедурасы өзгертілмек Фото: sputniknews.kz

Жаңа нормаға сәйкес этникалық қазақ бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмауға тиіс, деп хабарлайды Atameken Business.

Осыған дейін оралман мәртебесін алу үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанға дейін шет мемлекеттің аумағында тұру фактісін растау қажет болатын. Іс жүзінде, 1991 жылдан кейін туған адамдар мұндай құжаттарды бере алмайды. Аталған заң жобасы осы мәселені оңтайлы шешуге бағытталған.

Заңнамаға енгізілген тағы бір өзгеріс, тұрақты тұруға рұқсатты және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды бір мезгілде беру мүмкіндігі қарастырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу