Қандастарға зейнетақы алуға мүмкіндік беретін құжат жасаумен айналысқандар ұсталды

1007

Жалған құжаттар азаматтық алған қандастарға әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық береді.  

Қандастарға зейнетақы алуға мүмкіндік беретін құжат жасаумен айналысқандар ұсталды

Қылмысты ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтемемен.

"Жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында, ҚХР келген қандас ҚР азаматтарына әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан адамдар тобы анықталды. Оқиға орнын тексеру барысында, ҚХР-дағы еңбек өтілін растайтын құжаттар, ҚХР-ның әртүрлі ұйымдарынның мөр бедерлері, нотариалдық қағаздар, станок және басқа да заттар тәркіленіп алынды. Аталған бұйымдардың көмегімен, әртүрлі қосалқы жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер) жасалынған",– деп жазылған таратылған хабарламада.

Агенттік аталған факті бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу