Кандидаттардың 30%-ы жастар мен әйелдер болуы тиіс

716

Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға қойылатын талаптармен таныстырды. 

Кандидаттардың 30%-ы жастар мен әйелдер болуы тиіс

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров 2021 жылғы 10 қаңтарына тағайындалған сайлауға кандидаттарды ұсыну 10 қарашадан басталатынын айтты. 

"Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттарды ұсыну 10 қарашасында басталады. Саяси партиялардың партиялық тізіміне оның мүшелігіне өтпеген адамдарды қосу құқығы жоқ. Сонымен қатар жаңа нормамен таныстырып өтейін, партиялардың мәжіліс және мәслихат депуттатығына ұсынған кандидаттары тізімінде жасы 29-дан аспаған жастар мен әйелдердің үлесі 30% болуы тиіс. Бұл "Саяси партиялар туралы" заңның 15 бабы, 1 тармағына сәйкес келеді", – деді Константин Петров. 

Сондай-ақ ол мәжіліс депутаттары сайлауына жасы 25-ке жеткен, ал мәслихат депутаттары сайлауына жасы 20-дан асқан адам қатыса алатынын атап өтті.  

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу