ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері белгіленді. Орталық сайлау комиссиясы сәйкес құжатты бекітті.
Қаулы бойынша:
1) бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 5 250 мың теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау – 200 мың теңге сомасында;
3) мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында жариялау – 810 мың теңге сомасында;
4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу – 200 мың теңге сомасында;
5) үгіт материалдарын шығару – 400 мың теңге сомасында;
6) көліктік шығыстар – 471 мың 200 теңге сомасында бекітілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу