Қандыағаш әкімі әйелді ұрып-соққаны үшін жазаланды

267

Мұғалжар аудандық соты Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырды әйелді ұрып-соққаны үшін кінәлі деп танып, оған 80 айлық есептік көрсеткіш (314 560 теңге) көлемінде айыппұл салды.  

Қандыағаш әкімі әйелді ұрып-соққаны үшін жазаланды Фото: Finratings.kz

Сонымен қатар, азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сот үкіміне сәйкес, Қазбек Аққайыр жәбірленушіге 100 мың теңге моральдық зиян, 1966 теңге мемлекеттік баж және өкілдің қызметіне байланысты 100 мың теңге шығын төлеуге міндеттелді. Бұл соманы ол үкім заңды күшіне енгеннен кейін 15 тәулік ішінде ерікті түрде өтеуі тиіс.

Судья Ғани Алмахановтың айтуынша – алғашқы сот-медициналық сараптама кезінде жәбірленушінің бас-ми шайқалуы мен мойын тұсындағы ауырсынуы расталған. Басқа сарапшылар тек дене жарақатының ауырлық дәрежесін ғана анықтай алған.

– Хат алмасулар мен аудио жазбалардан сотталушы мен жәбірленуші арасында оқиғаға дейін де, одан кейін де жанжал болғаны көрініп тұр. Сондықтан оқиға фактісі өз дәлелін тапты, – деді судья.

Қазбек Аққайыр үкімге 15 күн ішінде Ақтөбе облыстық сотына апелляциялық шағым түсіре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу