Қандыағаш станциясының вагон қараушылары жол апатының алдын алды

907

Олар дөңгелек дискісінен сызат тапты.  

Қандыағаш станциясының вагон қараушылары жол апатының алдын алды

27 мамырда Ақтөбе облысындағы Қандыағаш станциясында вагон қараушы-жөндеуші болып еңбек ететін Серік Нұранов пен Алматжан Аманжолов жүк пайыздарын тексеріп, техникалық қызмет көрсету барысында дөңгелек дискісінен сызат тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кететіні бұл өте күрделі ақауға жатады. 

"Вагон жекеменшік иесіне тиесілі. Дөңгелек жұптар 1990 жылы жасалған. Ақау табылған соң аталған меншік иесінің вагондары ерекше бақылауға алынды. 
Жүк тиелгенін және дөңгелек жұптарға салмақ түскенін ескерсек, вагон қараушы-жөндеушілердің қырағылығы жүк тиелген бүкіл құрамды жолда болуы мүмкін үлкен бір апаттан сақтап қалды деуге болады. Серік Нұранов пен Алматжан Аманжолов – тәжірибелі теміржолшылар, өз ісінің білгірлері", – деп жазылған хабарламада. 

Серік Нұранов теміржолда 30 жылдан бері жұмыс істейді, соның 28 жылында осы мекемеде, яғни Қандыағаштағы техникалық қызмет көрсету қосынында қызмет етіп келеді. Алдымен жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь болса, 2006 жылдан бері вагон қараушы-жөндеуші қызметіне ауысқан.

Алматжан Аманжоловтың теміржолдағы жалпы еңбек өтіліне 30 жылдан асты. Осы жылдар ішінде ол Қандыағаш техникалық қызмет көрсету қосынында жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын мойынтіректі жөндеу бойынша токарь болып бастап, кейін вагон қараушы-жөндеуші қызметіне ауысқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу