Қандыағаштықтар әлі Жаңа жыл тойлап жатыр – Әкімдік түсініктеме берді

Ақтөбе облысында шілде айы аяқталуға жақын қалса да, LED-экранда жаңажылдық құттықтау видеосы әлі көрсетіліп келеді. 

Қандыағаштықтар әлі Жаңа жыл тойлап жатыр – Әкімдік түсініктеме берді Фото: Бейнежазбадан

Мұны жергілікті билік экранның бағдарламасындағы ақаумен байланыстырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Экран Қандыағаш қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына орнатылған. Аталған жағдайды әлеуметтік желіге тұрғындардың бірі жариялаған, ол жергілікті биліктің немқұрайдығына ашынады. 

– Күнде осы жерден өтемін, шілденің соңы болды ғой. Ал экранда әлі де Жаңа жылмен құттықтап жатыр. Осыны тексеріп, ауыстыру қиын ба? – деп сұрақ қояды ол. 

Ал әкімдік аталған жағдайдан хабардар екенін айтып, мәселенің көп ұзамай шешімін табатынын мәлімдеді.

– Экран – Қандыағаш қаласы әкімдігінің балансында. Бұрын орнатылған экранның бағдарламасында ақау бар. Қазір оны жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Экранды пайдалануға немесе қызмет көрсетуге бюджеттен қаражат бөлінбейді, – деп түсіндіріп өтті әкімдік өкілдері.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу