Канье Уэст АҚШ президенттігіне үміткер болу ойынан бас тартты

438

Бұл туралы оның продюсері айтты.

Канье Уэст АҚШ президенттігіне үміткер болу ойынан бас тартты Фото: РБК

Рэпер Канье Уэст АҚШ президенттігіне үміткер болу туралы шешімінен бас тартып, қазір тек отбасымен айналысқысы келеді. Бұл туралы 2022 жылдың қарашасында музыкант өзінің сайлау науқанына орай жалдаған деректі фильм продюсері Адам Камачо Daily Beast басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Камачоның айтуынша, Канье Уэстпен байланыс орнату өте қиын және 2023 жылы продюсер рэпермен келісімшартты ұзарту туралы бір шешімге келе алмады. Уэст қазір мүлдем басқа істермен айналысып жүргенін айтқан. 

"Мен қазір өз өмірімді сүріп жатырмын. The donda Academy мектебімен, жаңа әйеліммен, балаларыма көңіл бөлуді жөн көремен. Мені мазаламаңыздар", — дейді Уэст.

Продюсер нақтылағандай, Уэсттің саяси мансабын одан әрі жалғастыратын ойы жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу