Канье Уэст сайлауға тәуелсіз үміткер ретінде қатысады

789

Америкалық рэпер қазіргі президент Дональд Трамп саяси додаға түспеген жеғдайда, республикалық партияның атынан шығатынын мәлім етті.

Канье Уэст сайлауға тәуелсіз үміткер ретінде қатысады

АҚШ-тағы танымал рэпер Канье Уэст 2020 жылы өтетін президенттік сайлауда тәуелсіз үміткер ретінде бақ сынайды. Бұл туралы ол Forbes журналына берген сұхбатында жариялады.

"Егер қазіргі президент яғни республикалық партия өкілі Дональд Трамп келесі сайлауға қатыспағанда, мен республкашыл ретінде қатысар едім. Трамп додаға түссе, мен тәуелсіз үміткер ретінде бағымды сынаймын", – деді ол.

Оның сөзінше, ол вице-президенттікке үміткер ретінде өзінің досы әрі Вайоминг штатының дін қызметшісі Мишель Тидболды таңдаған.

Еске сала кетейік, Уэсттің АҚШ президенттігіне таласатыны туралы 4 шілдеде белгілі болды. Оны қолдағандардың арасында Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск бар. Бірқатар сарапшының пікірінше, рэпердің жеңіске жетуі екіталай. Өйткені Уэст сайлауалды науқанға өте кеш кіріскен. 

АҚШ-та 59-шы президентті сайлау 3 қарашада өтеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: vanityfair.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу