"Канело" Головкинмен жекпе-жектің орнына Мейвезермен реваншты таңдады

724

Сауль америкалық кіші Флойд Мейвезерден  кек алу мүмкіндігі туралы сөз етті.

"Канело" Головкинмен жекпе-жектің орнына Мейвезермен реваншты таңдады

Үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес  қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен  үшінші жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытпайтынын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сауль америкалық кіші Флойд Мейвезерден  кек алу мүмкіндігі туралы да айтты.

2013 жылы "Канело" Мэйвезерден ұтылып қалған болатын. Бұл – мексикалықтың мансабындағы жалғыз жеңіліс. Жақында ғана Мейвезер кәсіпқой рингке қайтар оралатынын жеткізген еді.

"Мен енді Головкинмен жұдырықтасқым келмейді. Бұл жекпе-жектің мен үшін маңыздылығы жоқ. Мен оған 24 раундтық мүмкіндік бердім. Осы да жетеді. Мейвезер? Одан есе қайтаратын сәтімді елестетіп те қойдым. Бұл жеңіліс маған үлкен сабақ болды. Мен онымен тағы бір кездесуді қалаймын. Реванштың болатынына кәміл сенемін", - деді Канело ESPN-ге берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу