Кангбаши – Қытай мен ішкі Моңғолияның Ордос қалалық ауданына кіретін автономиялық аудан. Көмір сатудан ерекше байлыққа кенелген жергілікті билік, тұрғындар мен инвестиция тарту мақсатында мүлде жаңа қала тұрғызбаққа шешім қабылдайды. Кангбаши қаласының ауданы – 350 шаршы километрді құрайды. Бұл елес қала туралы bilim-all.kz сайтында жазылған.
Тамаша шыққан жоба. Тек тұрғылықты мекенжайларды салумен шектелмей, бірден бүткіл инфраструктураны қамтитын дүкендерді қоса есептегенде, кеңселер мен саябақтар да тұрғызылған. Моңғолдың ұлттық стиліндегі саябақты "күшті жылқы", "әділетті хан", "төзімді түйе" бейнелеріндегі ескерткіштер әрлей түседі. Ешбір жан теппейтін көше велосипедтері. Ал, қараңыз! Біреуі де ұрланбаған. Бұл жерде арнайы күзет болмағанымен, қалаға кіру еркін. Кейде, өте сирек, бірен-саран жаяу жүргіншілер байқалады.
"Мұнда опат болған адамдар жөнінде кино түсіруге болады" - деп, жазады фотограф, әрі саяхатшы Александр Беленьский. Бірақ, бәрінен бұрын таңқалдырарлық жайт: мұнда жылы! Толық тұрғызылмаған пәтерлерде ЖЫЛЫ БАТАРЕЯЛАР бар.