Қаңғыбастар жаппай Көкшетауға көшіп кетті

800

Қаңғыбастар жаппай Көкшетауға көшіп кетті

Астаналық қаңғыбастар жаппай Көкшетауға көшіп кетті. Айтуларынша, арнайы автобусқа тиеп, осында алып келген. Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.

"Елордалық" деген аттан айрылған үй-күйсіздерді енді тұрғындар тұрмақ, жергілікті қаңғыбастар да жақтырып жатқан жоқ. Өйткені, нанға нағыз талас басталған. Ал бас қаладан жер ауып кеткендер өздерін ЭКСПО қарсаңында қуып жіберді деп өкпелеп отыр. Қазір Көкшетау көшелерінде астаналық қаңғыбастар қаптап кеткен. Қаладағы кез-келген қоқыс жәшігінің маңынан тағам терген елордалық тұрағы жоқ адамды кездестіруге болады. Көбі үйлердің маңындағы жасыл желек, ағаштың түбін демалатын орынға айналдырып алған. Әрқайсысы әр жерде домалап ұйықтап жатыр. Кез-келгенін оятып сұрасаңыз, "Есілдің сол жағалауынан көшіп келдім" дейді. 

Мекен-жайы өзгерген астаналық қаңғыбастар ЭКСПО өтетін жерге бармас едік деп ренжулі. Ал полицейлер үй-күйсіздерді бас қаладан қуып жатқан жоқпыз дейді. Керісінше, арнайы орталыққа жеткізіп, бас сауғалайтын жер тауып берген. Ал күтпеген жерден жер ауып кеткен қаңғыбастар Астананы сағынып жүргендерін айтады. Бірақ қайтарға соқыр тиындары да жоқ. Енді оларға ЭКСПО бітпейінше, яғни күзге дейін азығын Көкшетаудан табуға тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу