Канн фестивалі аясында Самал Еслямовамен кездесу өтеді

740

15-тен астам іс-шара өткізілмек.

Канн фестивалі аясында Самал Еслямовамен кездесу өтеді

72-ші Халықаралық Канн фестивалі аясында Қазақстанның ұлттық павильоны өз жұмысын бастады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

"Биылғы жылы қазақстандық павильонның жұмысында 15-тен астам іс-шара өтеді, оның ішінде режиссер Сергей Дворцевой және 2018 жылғы Канн фестиваліндегі үздік әйел рөлінің иегері, мақтанышымыз Самал Еслямовамен кездесу ұйымдастырылмақ", – деп жазды министр әлеуметтік желіде.

Бағдарлама кең және танымдық болады деп күтілуде: Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің "Кино және ТВ" кафедрасының тұсаукесері, көркем өнер саласындағы презентациялар мен зерттеулер, Қазақстандағы деректі және өмірбаяндық кинолар, екі халықаралық кинофестиваль: Almaty film festival және "Ұшқын" студенттік кинофестивалі, кинорежиссерлердің толық метражды жобалары: Аян Найзабековтың "Толғау", Ерлан Нұрмұхамбетовтың "Махаббат күндері", Әнуар Райбаевтың "Ақиқат сәті", Төлеген Байтукеновтың Native Brothers таныстырылымдары өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу