23 мамыр күні Франциядағы 76-шы халықаралық Канн фестивалінде отандық павильонның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады Inbusiness.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, павильонның ашылу салтанатында Мәдениет комитеті кинематография бөлімінің басшысы Ғани Мұратов, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсаходжаева және актриса Самал Еслямова қатысты.
Кинопавильон киіз үй ретінде құрылған.
Ғани Мұратовтың сөзінше, жалпы кинонарықта жиырмадан астам елдің киноиндустрия өкілдері қатысып жатыр. Кинофестивальде 200-ден аса кинопродюсер бақ сынамақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу